ӨРТТЕН 5 БАЛА ҚАЗА ТАПТЫ

 

Кеше түнде Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болған өрт бес бірдей бүлдіршіннің өмірін қиып кеткені, бүкіл елді дүр сілкіндіргені рас.  3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні 02 сағат 34 минутта «101» Орталық өрт байланыс пунктіне  «Көктал» тұрғын алабы, Шыңғыстау көшесі, 5 мекенжайында орналасқан шаруашылық құрылысы жанып жатыр деген қоңырау түскен.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып баяндасақ хабарлама көршілерден келіп түскен. Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшелері келген бойда 7 минуттан соң жеке тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метрді құрайтын жеке тұрған уақытша тұрғын үй құрылысының өртенгені анықталды. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015, 2018 жылы дүниеге келген 5 қыздың денесі табылды. Өрт болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған.

Өрт сөндіруге Астана ТЖД-нің 17 адамы мен 5 техникасы, ТЖК Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 4 адамы мен 1техникасы тартылған.

Айта кетейік, соңғы жылдары өртке қатысты мұндай аса ауыр, қайғылы жағдай Астана қаласында орын алмаған екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған