ОТБАСЫНЫҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ – ЕЛ БЕРІКТІГІНІҢ КЕПІЛІ

Сіздерді 15-мамыр отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы құндылықтарын насихаттау біздің еліміздің басты міндеттерінің бірі. Отан отбасынан басталады.

Отанға деген құрмет пен махаббаттың бастауы – отбасыда. Ақын Қасым Аманжоловтың сөзімен айтсам, елін сүйер, сеніңіз, өз отбасын сүйе алған. Үйлесім мен ынтымақ, махаббат пен сыйластық әр отбасының ажырамас тірегі. Осындай ізгілікке үндейтін айтулы күні әрқайсысыңыздың шаңырағыңызға шаттық, құт-береке, амандық тілеймін!

Әрбір отбасының қуаттылығы – еліміздің беріктігінің кепілі. Шаңырақтар шуақты, мемлекетіміз қуатты болсын!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,

Шымкент қаласының әкімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған