ҚОСЫМША 5000 ГРАНТТАН КІМДЕР ҮМІТТІ?

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көпбалалы отбасыдан және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Аталған гранттар жергілікті атқарушы органдармен конкурстық негізде беріледі. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады.

Көрсетілген гранттарға көпбалалы отбасыдан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балалар үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-дан шекті балл жинау конкурстың негізгі шарты болып табылады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар тамыздың 10-ына дейін қабылданады.

Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезінде түпнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сондай-ақ, балалардың көпбалалы отбасынан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасы қатарынан екендігін растайтын құжаттар көрсетілуі керек.

Білім гранттары иегерлерінің тізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

Облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5 000 грантты орналастыру

 № Облыстар Гранттар саны ЖАО жауапты тұлға Байланыс үшін
1. Нур-Султан қ. 165 Айтжанова Гульжан Жаксылыковна 8(7172)556878, 556857
2. Алматы қ. 190 Қанатбекұлы Ербол 8(727) 2622741
3. Шымкент қ.

 

390

 

 

Дарыбаева Гульнара Турдыбаевна 8(7252) 558718, 87023223782
4. Алматы 540

 

Саида Саманова 8(7282) 329689
5. Ақмола 390

 

Садвакасов Бекжан Серикович 8(7162)

903122, 903123

 

6. Ақтөбе 180

 

Калиева Гульбарам Есеновна 8(7132)

560461

87471142719

7. Атырау 220

 

Исанберденова Аккенже Аяпбергеновна 8(7122)

270940

8. ШҚО 180 Алима Ақылбек 8(777)2267343
9. Жамбыл 460

 

Бектаева Шынар Сералиевна 8(7262) 438814, 438881
10. БҚО 100

 

 

Гумарова Зауре Базаргалиевна 8(7112)

260470

11. Қарағанды 195

 

Нұрсұлтан Гулдана Ерболатовна 8(7212) 412281, 87012883140
12. Қостанай 85

 

Киселева Ольга Павловна 8(7142)

575319, 575317

13. Қызылорда 390

 

Жунусова Шолпан Оралбаевна 8(7242)

605458, 605457

14. Маңғыстау 305

 

Кулатаева Клара Кашкинбаевна 8(7292) 571204
15. Павлодар 75

 

Азамбаева Нургуль 87052253237 8(7182)

663842

16. СҚО 60 Протокопова Татьяна Николавена 8(7152) 463288
17. Түркістан 1345 Касымбекова Айгуль 8(7253)

341719, 87781795901

Фото: alau.kz

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған