ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

«Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғаны туралы қуана хабарлаймыз» деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

«Қабылдау бөлмесінің жұмысы аясында айдың әр соңғы сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында бейінді вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары сіздердің барлық сұрақтарыңызға қуана-қуана жауап береді.

30 қазанда біз барлығын жұмысымызға қатысты мәселелер бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын және тілектерін білдіруге шақырамыз. Біз әрқашан ашық және сындарлы диалогқа дайынбыз» делінген хабарламада.

Алдын-ала жазылу үрдісі Министрліктің ресми сайтында https://qogam.gov.kz/kk/virtual_reception мекен-жайы бойынша немесе 8 (7172) 74-04-98 телефоны арқылы жүзеге асырылады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған