ӨНЕРКӘСІПТЕ ӨРЛЕУ БАЙҚАЛАДЫ

Шымкентте жылдан жылға өнеркәсіптің өрлеуі байқалып келеді. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 562,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Өнеркәсіп саласында үлесі 85,7 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 13,9 пайызға артты. 2018 жылмен салыстырғанда есепті жылы өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар салаларда өсім байқалады.

Атап айтқанда, мұнай өнімдерінің өндірісі 20,6%-ға, сусындар – 26,8%-ға, тоқыма – 17,9%-ға, химия өнеркәсібі 36,5%-ға, металлургия өнеркәсібі 26,5%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 3,5%-ға өскен.

2019 жылға құны 26,1 млрд. теңгені құрайтын, 375 жаңа жұмыс орнымен 8 жоба іске қосылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған