КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БАР?

Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруі бойынша баспасөз брифингі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Брифинг барысында спикерлер (ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.а С.Бопова, департаменттің бөлім басшысы – А.Шолпанова, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөз қатысты. Олар қала әкімдігімен және табиғи монополиялар субъектілерімен («Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «3-Энергоорталық» АҚ , «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК, «Сайрам су» ӨК, «Тасқұдық БАҚ» ЖШС, «Родник-2004» ЖШС, «Нұр Арыстан» ЖШС, «Женис-Т» ЖШС») бірлесіп тарифтер өсімін тежеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын мәлімдеді.

Энергетика министрлігі электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясы тарифтерінің шекті деңгейлерін өсіруінен электр энергиясының тарифтері тұрғындарға 5,9%-ға, 1 кВт/сағ. 14,65-тен 15,52 теңгеге, тұтыну көлемі 70 кВт-қа дейін тұтынатындарға – 4,8 %-ға немесе 1 кВт/сағ. 13,49-дан 14,14 теңгеге өсіп отыр.

Газбен жабдықтау бойынша, керісінше, 1 текше метр газ үшін ҚҚС-н қоса алғанда 32,47-ден 31,59 теңгеге немесе 2,7%-ға төмендеді.

2020 жылы тұтынушылармен тарифтердің көтерілуіне жол берілмеуінен 2,32 млрд. жуық теңге үнемделмек.

2020 жылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру және жылумен жабдықтау үшін тарифтер өзгермейді. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңында табиғи монополия субъектілері шығындары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес әр жылы өсуімен бекітілген тарифтермен жұмыс жүргізуі қажет.

Бекітілген шекті деңгей бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан коммуналдық қызметтер тарифтері: Сумен жабдықтау қызметтері 20,7%-ға; сарқынды суларды бұру (канализация) қызметтері орташа есеппен 24,4%-ға және жылумен жабдықтау қызметтерінің 16,2%-ға өсуі жоспарланған.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, табиғи монополия субъектілері өздері тарапынан тұрғындар үшін тарифтерді төмендетуге және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады, яғни 2020 жылға сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтерінің тұрғындар үшін тарифі өзгеріссіз, 2019 жылдың деңгейінде қалдырылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған