КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 8 НАУРЫЗДА АҚШАЛАЙ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕ МЕ?

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көпбалалы аналарға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызда көпбалалы отбасыларға ақшалай жәрдемақы беріледі екен деген хабар да бар. Алайда Түркістан облысы тұрғындарының назарына ұсынған ақпаратта бұны Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі теріске шығарды.

 «Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде 8 наурызда ақшалай жәрдемақы беріледі екен деген ЖАЛҒАН ақпарат тарап жатыр.

Бұл ақпараттардың ЖАЛҒАН екенін мәлімдейді. Қазіргі таңда өңір басшылығының бастамасымен көпбалалы отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жоспарланып жатыр. «Қолғабыс» жобасы да қолға алынып, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жолдары қарастырылуда.

Ал мемлекет тарапынан жаңа форматта нақты қаржылай қолдау немесе жәрдемақы берілетін болса, ол ресми түрде газет, телеарналарда жарияланатын болады. Сондықтан әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға СЕНБЕУЛЕРІҢІЗДІ сұранамыз және жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілік жүктейтінін де ескертеміз» делінген Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің ресми интернет ресурсында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған