ИМАМДАР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт, медресе, және намазханадағы діни мамандар (имам, найб имам, молда, азаншы, ұстаз т.б.) жаңадан бұйрық алып, қызметке тұратын жеке істерін реттеп, діни білімдерін сараптап, бұйрықтандыру мақсатында кезекті аттестациядан өткізілді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шараның ашылуына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысып, имамдарға дәріс оқыды.

– Аттес­тацияның мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарымыздың діни біліктілігін арттыру жәнен діни білімдерін үздік­сіз дамытып отыруға жағдай жасау. Әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өздерін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру, – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, бұл аттестацияның ерекшелігі компью­терлік бағдарламада ар­найы әзірленген тест сұрақта­ры­ шектеулі уақыт аралы­ғын­да жауап беруге шақтап жа­сал­ған.

Тестілеу ақида (сенім), фиһқ (шариғат үкімдері), әкімшілік жүйе (заң) бойынша сынақ тапсырады. Ал Құран, Ислам тарихы және Тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.

ҚМДБ-ның Аттестациялық (сараптау) комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Аттестациялық (сараптау) комиссиясының төрағасы – Алау Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі – Нұрбек Есмағанбет, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі – Сансызбай Шоқанов, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі – Жәнділлә Бекжігітов, Кадр бөлімінің меңгерушісі – Байұзақ Бекмұратов және ҚМДБ-ның бөлім мамандары Бауыржан Абдуллаев пен Ержан Есім қатысып, мешіт қызметкерлерінің деңгейлерін айқындады.

Аталмыш шара аясында Шымкент қаласы бойынша 104 мешіттің 280 дін қызметкері аттестациядан өткізілді. Ал Түркістан облысы бойынша 722 мешіттің Арыс, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарынан 318 дін қызметкері аттестациядан өткізіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған