ГАУҺАР ӘЛІМБЕКОВА БОСАП ШЫҚТЫ

Бүгінгі таң қазақ елі үшін жағымсыз жаңалықпен басталып еді. Міне, жағымды жаңалықта бар. Гауһар Әлімбекова босап шықты. Бұл жөнінде әлеуметтік парақшаларында өнер адамдары жарыса жазып жатыр. Гауһардың өзі Ақбота Керімбекованың парақшасында елге сәлем жолдап рахметін айтты. Алдымен Ақбота Керімбекова:

«Құрметті қазақ елі! Қазағым менің! Әуелі Алла, одан кейін міне, осы баршаларыңыздың тілек –дұғаларыңыздың арқасында,   бүгін сүйінші хабар айтқым келіп отыр. Гауһар қыздарыңызды алып шықтық! Қолқабыс тигізіп, көмек бергендеріңіз үшін азда, болса да шын  үлкен жүректеріңізбен жасаған жақсылықтарыңызға  Алла-Тағалам разы болсын. Жасаған жақсылықтарыңызды мың еселеп қайтарсын Аллах-Тағалам! Гауһар қыздарыңызға деген құрметтеріңіз, жалпы өнерге деген құрметтеріңіз, осындай кезде қамқорлықтарыңызды білдік!     Сіздер болмасаңыздар, Халық-ел болмаса біз ешкім емеспіз, соны ұмытпаңыздар. Айтарым осы! Мың ризамыз! Бүкіл өнер адамдарының атынан сіздерге мың алғыс! » деп алғысын білдірді.

Одан соң көлікте бірге келе жатқан Гауһар Әлімбекованың өзі қазақ еліне рахметін айтты:

«Сәламатсыздар? Қалайсыздар? Құрметті қазағым, елім, жұртым! Сіздерге мың алғыс, әуелі бірінші Алла, екінші сіздердің дұға-тілектеріңіз, сіздердің көмектеріңіз,сіздердің жүректеріңіздің арқасында мінекей…» делінген.

Ары қарай сөйлегені уақыттың шектелуіне байланысты қырқылып қалған болу керек.

Расында жақсы хабар. Әзірге үй қамаққа босап шығыпты, болашақта толық бостандыққа шығуға мүмкіндік мол.

Сурет әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған