ДИМАШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘН АПТАЛЫҒЫНДА ӘН САЛДЫ

Іс шарадан видео  әншінің  «ВКонтакт» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. 

Димаш Құдайберген Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан  халықаралық One Way Trail  сән апталығының ашылу салтанатында ән салды. Қазақ елінің мақтанышына айналған Димаш «Screaming» және «The Crown» атты әндерді орындады.

«Саламатсыздар ма, музыка мен өнерді қадірлейтін әлеумет. Менің орнымда болуды кез-келген ер азамат армандайтын шығар. Менің басым айналғаны соншалықты, әннің сөзін ұмытып кете жаздадым», – деп жазды ол өзінің парақшасында.

Айта кетейік, бұрынырақта қазақтың жезтаңдай баласы, дүниежүзі көз тіккен «Әлем ару-2018»  байқауының финалында өнер көрсеткен болатын. Әлемдік сахнада қазақ тілінде  «Ұмытылмас күн» атты әнін орындап  мәртебемізді бір асқақтатқаны есімізде.

Фото: sputnik KR

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған