ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ МЕКСИКАЛЫҚПЕН ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 2019 жылғы алғашқы қарсыласы белгілі болды. АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін жекпе-жектің 15 наурызға жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, жерлесімізге мексикалық боксшы Карлос Хименес қарсылас атанып отыр. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Даниярдың қарсыласы бұған дейін 24 кездесу өткізген. Еншісінде 14 жеңіс бар. Оның сегізін уақытынан бұрын аяқтаған. Сондай-ақ 1 рет тең түсіп, 9 рет жеңілістің ащы дәмін татқан.

Айта кетейік, бұл күні бокс кешінің басты жекпе-жектерін Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Габриэль Росадо мен Олимпиада чемпионы, ирландық Кэти Тэйлор өткізеді.

Мирас ӘСЕМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған