ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМДЕРІ АРАСЫНДА БӘСЕКЕ ӨТТІ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімдері арасында облыстық байқау «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» өткізу туралы №124 бұйрығына сәйкес қызметтің өрт сөндіру бөлімдері арасында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша:

«Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» байқауына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және №11 өрт сөндіру бөлімі қатысты.

«Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» атағын Түркістан облысы Түркістан қаласындағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің газтүтіннен қорғаушылары иеленді.

«Үздік қауіпсіздік бекеті» атағын Түркістан облысы Шардара қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Бабыр Әмірбекұлы Құметов иеленді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған