ӘР ЕР АЗАМАТ ОТАНЫН ҚОРҒАУҒА ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне жіберу үшін қалалар мен облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттері мен басқармалары әскерге шақырылушылар командаларын жасақтауға кірісті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында Қазақстан әскеріне 6 000-нан астам жасөспірімді шақыру жоспарланып отыр.  

Алғашқы командалардың бірі Түркістан облысынан Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығына жіберілді.

– Армия – жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әр ер азамат ел басына күн туғанда өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Жақындарын қорғай білуі керек. Алдағы әскердегі қызмет Отан қорғауға үйретеді. Ертеңгі азаматтық салаға да қажетті әскери-есептік мамандықтар ала аласыз, – деді әскерге шақырылушыларды шығарып салу салтанатында қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасатынын айта кеткен жөн. Осы уақыт ішінде 17 000-нан астам қазақстандық Мемлекеттік күзет қызметіне, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелеріне шақырылатын болады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған