ҚЫСТА БАЛЫҚ АУЛАУ ШЫҚҚАНДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Мұз астынан балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Бұл ретте адам үшін мұздың қалыңдығы кемінде 12 сантиметр, ал техника үшін кемінде 30-35 сантиметр болған кезде мұзға шығуға жол беріледі. Осы кезеңде мұздың жіңішке және қатпаған учаскелеріне шығуға жол берілмейді, әсіресе балаларға аса мұқият болу қажет, өйткені бұл кезең айтарлықтай қауіп төндіреді.

Тыйым салынады:

– жұқа және қатпаған мұз үстіне шықпаған жөн;

– топ құрып мұздың бір аумағында жиналмаңыздар;

– мұздың жарық жерлеріне жақындамаған дұрыс;

– көлікпен жағадан алыс жерлерге бармаңыз;

– мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаңыз;

– мұзға жеке құтқару құралынсыз (құтқару шеңбері, кеудешелер) шығуға тыйым салынады;

– мұзда шектеулі аймақта екіден асатын, яғни бірнеше ойық жасауға болмайды;

– мұздың үстінде от жақпаңыз.

     Егер сіз суық суға түсіп кетсеңіз не істеу керек:

– Үрейленбеңіз, кенеттен қимылдар жасамаңыз, тыныс алуды тұрақтандырыңыз.

– Қолдарыңызды жан-жаққа жайып мұздың бір бөлшегіне ағын бағытына байланысты көлденең жағдайда денеңізді басып ұстауға тырысыңыз.

– Мұздың шетіне ақырын жатып, аяқтарыңыздың біреуін, содан кейін екіншісін мұзға лақтыруға тырысыңыз.

– Егер мұз шыдаса, баяу жағаға қарай еңбектеңіз.

– Келген жаққа қарай еңбектеңіз, өйткені мұнда мұз берік.

      Еске саламыз, қауіп кезінде және құтқару іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған