ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КЕЗЕКТІ АРНАЙЫ ШЕНІН ТАБЫСТАДЫ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша қорытынды жедел кеңес өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен оның бөлімшелерінің 2022 жылғы жедел-қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрғали Жунусовтың төрағалығымен жедел кеңес өтті.

Бағдарламаға сәйкес «Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңына» сәйкес негізгі бағыттарының нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Өз баяндамаларында олар жетекшілік ететін бағыттар бойынша қызметі туралы есеп берді. Сонымен қатар, департамент бастығы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қорғау қызметкеріне кезекті арнайы шенін табыстады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған