ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ЭЛЕКТР ЖЫЛЫТҚЫШТАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Ақбұлақ ауылының әкімшілік қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

«Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынды:

– пештің жағу есігі жағынан есіктері ашық және бос болуы қажет. Жиһаз пештен 70 см ара қашықтықта, ал жағу тесіктерінен 125 см кем емес ара қашықтықта орналасуы шарт;

– отынды және басқа да тез жанатын заттарды пештің жанында ұстауға тыйым салынады;

– қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды;

– есіктері жарамайтын және жарықтары бар пештерді жағуға тыйым салынады;

– пеш жанып жатқанда есіктерін ашық қалдыруға тыйым салынады. Ашық есіктен еденге түсіп кеткен көмір өртке әкеліп соқтыруы мүмкін;

– пеш құдықтары мен түтін шығу жолдарын тазалау қажет: 3 айда бір рет от жағылатын пешті, 2 айда бір рет от үзілмей жанатын пешті;

– жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе жас балалардың қарауына қалдыруға болмайды;

– кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыруға үзілді-кесілді тыйым салынады;

– пешті тез жанғыш сұйықтықтармен жағуға (бензин, керосин, еріткіш т.б.) тыйым салынады;

– пеште және оның қабырғаларында киім немесе басқа да тез жанғыш заттарды кептіруге тыйым салынады;

– пешті шектен тыс қыздыруға болмайды. Пешті шектен тыс қыздыруды болдырмау үшін күнде оны екі-үш рет жағу ұсынылады;

– кез келген жылыту құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Пештердің беттері мен түтін мұржаларын жүйелі түрде шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден тазаланып отырылуы керек;

– кірпіш қалауындағы жарықтарды болдырмау мақсатында үш айда бір рет жиналған күйеден тазалап, мұржаны уақытымен түтін тартуының болуына тексеру қажет;

– пешті жөндеу, электр жабдықтарының дұрыстығын тексеру қиын емес;

– пеш алдында 70-те 50 көлеміндегі табақ темір төселуі тиіс.

Назарыңызға саламыз, статистика бойынша әрбір үшінші өрт жылыту пештерінің және оның мұржасының дұрыс құрылмауынан және дұрыс жұмыс істемеуінен болады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған