ҚАНША КАНДИДАТ ТАЛАПҚА САЙ?

Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялары қызметі хабарлады.

– Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық қарадық, – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Яғни 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша – сайлау алдындағы тыныштық күні. Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.

Ал үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Еске салсақ, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған