ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТУДА

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен елімізге ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фэнхэнің екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар күн тәртібіндегі өзекті және басымдық берілген екіжақты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру, екі ел әскери қызметшілерінің далалық машықтан түрлі жарыстарға қатысуы, қарулы күштер мен әскери-техникалық ынтымақтастық үшін білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Одан бөлек, қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимыл басымдықтарына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан-қытай әскери ынтымақтастығын нәтижелі дамытудың әлеуеті де атап өтілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған