ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ГАЗ БЕРУ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

Қаңтардың 5-і күні қала аумағында жоғары қысымды газ құбырында авариялық жағдай орын алған болатын. Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті сала мамандарының жедел бригадасы жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстары тез арада аяқталып, газ беру қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жағдайды тікелей өз бақылауына алып, тиісті мамандарға қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі жедел орындауды тапсырды. 

Ретке келтіру жұмыстары бүгін аяқталады. Іске қосу жұмыстары бірте-бірте жүзеге асырылуына байланысты газ құрылғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік шараларына мән берулеріңізді сұраймыз. 

Қала аумағында тұрғын үй, қоғамдық және коммерциялық мақсаттағы объектілерді қоса алғанда “Наурыз”, “Тұран”, “Түркістан”, “Бам”, “Нұрсәт”, “Қайтпас”, “Әкімшілік-іскерлік орталық аумағы” бойынша және “Тұмар”, “Дендропарк”, “Биік”, “Сайман”, “Наурыз парк” тұрғын үй кешендері мен “Нұрсәт” шағын ауданына қарасты қазандықтар бойынша газ беру жұмыстары уақытша тоқтатылып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған