УЛЫ ГАЗ – ҚАУІПТІ!

Қала әкімімен бекітілген Түркістан қаласы аумағындағы тұрғын үйлерге жылыту маусымында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің, улы газбен уланудың алдын алу шараларын сақтау мақсатында, жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органдармен (Полиция басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы, «ҚазТрансАймақ», Адами әлеуетті дамыту бөлімі, Газ инспекциясы) бірге іс-шаралар жоспары жасалынған.

Осы жоспарға сәйкес, қала аумағындағы әлеуметттік жағдайы төмен 482 отбасылары бар тұрғын үйлерге Басқарма қызметкерлерімен Газ инспекциясының мамандары, 6 сектор меңгерушілері бірлесе отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен, улы газбен улану кезіндегі алғашқы көмек қандай?

– бәрінен бұрын зардап шеккенді таза ауаға шығарып арқасымен жатқызу керек (күн жылыда далаға, ал салқын кезде желдетілген бөлмеге);

– жылдам қимылмен зардап шеккеннің барлық денесін сипау;

– басына және төсіне суық компресс қою қажет;

– зардап шегуші ес-түсінде болса, оған жылы шай берген дұрыс;

– егер ес-түссіз болса, мұрнына мүсәтір спиртпен дымқылданған мақтаны апару қажет;

– тыныс алмай жатса өкпесіне жасанды демалдыру жасап, тез арада «Жедел жәрдемді» шақыру қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған