ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖОСПАРДАН ТЫС ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің офицерлік құрамының өрт сөндіру және авариялық-құтқару, сондай-ақ, кезек күттірмейтін жұмыстарды дер кезінде ауыздықтау, шапшаң әрі тез орындауға машықтандыру деңгейін арттыру мақсатында, Жаңа қала мөлтек ауданында жаңадан соғылып жатқан 18 қабатты ғимаратта жоспардан тыс оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында құрылыс объектілерінде аса кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтанулар талданды. Сондай-ақ:

– Электр желілерін, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлі жарық беру құралдарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шаралары;

– Электрлік асырмалы жүктемелердің, қысқа тұйықталулардың, күрделі ауыспалы қарсылықтардың мәні мен пайда болу себептері;

– Қыздыру шамдарының өрт қауіптілігі;

– Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және асырмалы жүктемелерден қорғау шаралары;

– Автоматты және иілмелі сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткіш құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары;

– Отпен жұмыстар жүргізгенде, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары;

– Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі ерекшеліктері;

– Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртібі, уақытша қызметтік, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру);

– Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киім кептіргіштерінде және үй-жайларды кептіруге арналған уақытша пештерді, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі;

– Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар;

– Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздеріне, өрт сөндіру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кіреберістерін ұстау және қатты, сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін пештерді, каминдерді, пайдаланғанда өрт сөндіру құралдарына жету, сондай-ақ ТТС жұмыс істеу;

– Эвакуациялау жолдарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары пысықталды.

Жиынды өткізудегі басты мақсат  — жеке құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған