ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША СҰРАҚТАР ЖАУАБЫН ТАПТЫ

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбаймен бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты арттыру туралы» жоспарына сәйкес «Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ басқарма қызметкерлерімен «ZOOM» арқылы «Жер сілкінісі салдарын жеңілдету және әзірлікті қамтамасыз ету» туралы семинар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Қырықбай, аға инженері азаматтық қорғау капитаны Ж. Ілясов қатысты.

Семинар барысында басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған төтенше жағдайлардың алдын алу саласы бойынша қосымша сұрақтар да өз жауабын тапты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған