ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҢЫЗДЫ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиялының Атқарушы хатшысы Б.Ділдәбеков, Арыс қаласының бас имамы Қ. Қазыбаев, Арыс аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Қ.Битөреев Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №7 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, тәртіп пен заңдылықты нығайту және қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша жедел кеңес өткізілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және АҚЖҚ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы кеңесті қорытындылады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған