ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ КІШКЕНТАЙ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП АЛДЫ

Бүгінгі балалар жылдам, тез, әрі ұрыншақтау  болып келеді. Жаңалыққа құмар, жаңашыл ерекше дүниелерді бақылап, қарап, ұстап көргісі келеді. Себебі, олардың пайымында танымдық дүние солай жүзеге асады.

 Кейбір балалардың тағы бір қасиеті ата-ананың «жасама, ұстама, алма, ойнама» деген дүниелеріне құмар болады. Мұндайды қазақ: «Ит пен бала қорыған жерге өш» деп әдемі жеткізе білген. Кейде қоғамда балалардың байқаусызда, аңдамай жасаған істерінен қауіпті дүниелер орын алып жатады. Сондай жайттың бірі 2022 жылдың 10 қыркүйек күні 22 сағат 15 минутта орын алды. Тура осы уақытта Түркістан қаласы Рая Дастанова №98 үйге қарама-қарсы шарбаққа кішкентай баланың аяғы қыстырылып қалғаны бойынша хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына жеткен кезде 2014 жылы туылған кішкентай баланың аяғы шарбаққа кіріп кеткені анықталды.

22 сағат 34 минутта баланың аяғы шығарылып, 103 қызметкерлеріне тапсырылды.

Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған