ТҮРКІСТАНДА ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ЖИНАҚТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ

Бүгінде жастардың қазақ тілімен қатар, көп тілді қоса меңгеріп, бәсекеге қабілеттігін арттыра түсу өте маңызды. Осы бағытта Түркістан облысының мәдениет басқармасының тапсырысымен «Заманауи қазақша-ағылшынша тілашар», «Қазақша-ағылшынша көрнекі сөздік», «Русский язык для начинающих: элементарный уровень» оқу құралы, «Тілді оқытып-үйретуге арналған әдістемелер жинағы» шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталған кітаптар облыстағы тілдерді оқыту орталықтарына таратылатын болады. Бүгінде облыстағы 17 тілдерді оқыту орталықтарында 4 401 адам тіл үйренуде.

Алдағы уақытта тілдік капиталды дамыту бағытында тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен салалық сөздіктер әзірлеп, шығару жоспарлануда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған