ТҮРКІСТАНДА – ЖАҢА САЯБАҚ

Түркістан қаласында «Қалалық саябақ» қолданысқа берілді. Саябақтың жалпы ауданы – 27,8 гектар. Мұнда субұрқақтар, веложолдар, демалатын орындар мен сәулеттік нысандар бар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТҮРКІСТАНДА – ЖАҢА САЯБАҚ

Дендросаябақ типтес саябақ аумағында 12000 түп ағаш егілген. Сонымен бірге 2360 шаршы метріне гүлдер егілсе, 20476 шаршы метр бөлігіне көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Таза ауамен тыныстап, ой сергітуге қолайлы саябақта аяқжол тақтайшалары мен асфальтты жол төселіп, 710 дана жарықшам орнатылған. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. Алдағы уақытта мұндағы көшеттер өсіп, мәуелі баққа айналады деген жоспар бар.

Жалпы Түркістан қаласында 225 гектарды құрайтын 30 саябақ, 34 сквер мен аллея және 129 гектар жасыл алаң бар.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған