ТРИАТЛОН МАУСЫМЫ ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАДЫ

Түркі әлемінің астанасы екі күнге созылатын республикалық деңгейдегі доданы қабылдайды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және Cпорт министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

2019 жылы мұндай триатлон сайысы Түркістан облысының Кентау қаласында өткен.

Бірінші күні Тұңғыш Президент саябағындағы сайыс алаңына кәсіби триатлоншылар шығып, ұлттық кубоктың рейтингтік ұпайлары үшін сынға түседі. Екінші күні сайыс алаңы мен Олимпиадалық орталықтың ашық бассейнінде Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan қатысушылары сайысады. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ташкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген 150 жуық спортшының қатысады.

Ұйымдастырушылар келешек ұлттық құраманың қатарын толықтыратын мықты спортшыларды іріктеп қана қоймай, триатлон төрешілерінің біліктілігін арттыруды да көздеп отыр.

— Клубымыз үшін кең ауқымды триатлон сайысының демеушісі болу, TEMIRADAM додасының маусымын ашу үлкен мәртебе. Еліміздің түрлі саладағы дамуы жолында еңбек етудеміз. Президент жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлер жұмылып, әлемдік стандарттарға сай Олимпиадалық орталықты тұрғызып берді. Осы кешеннің қабырғасында Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan өтеді. Бұқаралық спорттың, балалар спорты мен осындай іс-шаралардың өтуіне кәсіпкерлердің күш-жігер жұмсауы қуантады. Мұның барлығы Отанымыздың даңқы үшін болашақ олимпиада чемпиондарын қалыптастыруға үлкен себеп, — деп пікір білдірді Nomad TriClub клубының директоры Тимур Абилов.

Сайыс туралы толық ақпарат Қазақстан Триатлон Федерациясының ресми сайтында жарияланған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған