СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

«АМАНАТ» партиясы Созақ аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жеке құрам қызметкерлеріне өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау бағытында жиын өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын.
Осыған орай, бүгін «АМАНАТ» партиясы Созақ аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, өзара пікір алмасылды.

Мұндай шара Ордабасы ауданында да жалғасын тапты. Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 өрт сөндіру бөлімінің офицерлік құрамы «Аманат» партиясымен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуіне және дамуына сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, көптеген сұрақтар талқыланып, өзара пікір алмасылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған