СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ДАМУЫМЫЗҒА ТЕЖЕУ

Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкелері және №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Б.Самбетовтың қатысуымен, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық баса назар аударып, Жаңа Қазақстан елдің әлеуметтік хал-ахуалдарын жақсарту, экономикалық даму деңгейін нығайту, демографиялық өсіп-өнуін, алға басқан қадамды кейін тартып дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылды.
Сонымен қоса жолда жүру ережесін сақтау және әдеп кодексі, киім кию үлгісін және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыбында айтып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Иә, барлық қызметші әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде, ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөніндегі өзге шаралар қабылдауға, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін, әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

– Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;

– Мемлекеттік қызметшілер стилін, киім кию үлгісін сақтауға;

– Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге;

– Лауазымдық міндеттерін бұзбай өз міндеттерін тиімді әрі нәтижелі орындауға;

– Қызметтік ақпараттарды жарияламауға,өз өкілеттіліктерін өз мүддесі үшін пайдаланбауға;

– Қоғамға теріс мінез-құлық көрсетуге жол бермей, сырт қоғамда теріс қылықтар көрсетуге жол бермеуге, көпшілік алдында әдеп нормаларын сақтауға тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған