«СУ СЕНІҢ ДОСЫҢ ЖӘНЕ ДҰШПАНЫҢ»

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсанттары Тастанқұл Шерхан Нұрханұлы және Балшабек Ердәулет Есболұлы «Су сенің досың және дұшпаның» тақырыбында Келес ауданында орналасқан Келес өзені және Ошақты каналына барып суға шомылушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.

Иә, су сенің досың да, дұшпаның да бола алады. Өкінішке қарай, жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғыға айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін төмендегі ережелерді орындаған жөн:

– Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп ал.

– Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылма.

– Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылған дұрыс.

– Өте ұзақ шомылма, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбе.

– Суға түскенде бір-біріңді көзден таса қылма.

– Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпа.

Есте сақта! Судағы қайғылы жағдайдан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған