САУДА ОРЫНДАРЫН ӨРТТЕН САҚТАЙЫҚ!

Сауда базарларында орын алатын өрт оқиғалары негізгі өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ өрттің алдын алуға қарсы іс-шараларды орындауға базар, мекеме басшыларының немқұрайлы қарауы салдарынан, нысандарды қорғауда өртке қарсы мәселелерді шешуге мән бермеуден, қажетті ұйымдастыру шараларын атқармаудан болады. Өрт салдарынан болатын материалдық шығындар үкіметтің ғана емес, жеке кәсіпкерлердің, жеке саудамен айналысатын азаматтардың қалтасына үлкен салмақ болатыны айтпаса да түсінікті. Сауда жасау күн көріп нан табудың бір түрі болғандықтан, саудамен айналысатын азаматтар өз сауда жасайтын орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаулары қажет. Бүгінде осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тынбай еңбек етуде.

Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Төлеби ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі, аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, Ленгір қаласы аумағында орналасқан «Достық» және «Тау жұлдызы» базарларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында сауда нысандарындағы кәсіпкерлер мен қызметкерлерге өрт қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар жете түсіндіріп, жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, №6 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Полиция басқармасы, Ақсу ауылының әкімі және қызметкерлері еріктілерді тарта отырып, Ақсу ауылында орналасқан базарлар мен сауда орталықтарында, адамдар көп шоғырланатын орындарда «Өрт қауіпсіздігі» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. Аудан тұрғындарына «Elnur tv» телеарнасы арқылы Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған