ПАРАСЫЗ БИІККЕ ҰМТЫЛ!

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін еліміздің Президенті белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшы құрамы және «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының консультанты Б. Мырзагелдиев​ пен​ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар, «Парасыз биікке ұмтыл!» тақырыбында және әр алуан түрлі өзекті мәселелер туралы айтылды.

Сондай-ақ Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау”, “Құмар ойындардан аулақ болу” және “Әдеп кодексі”тақырыптарында жиын өткізілді.

Айта кетейік, елімізде сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

● заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;

● мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;

● жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;

●  жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;

● сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;

● мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;

● жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған