МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТІҢ КЕПІЛІ!

Отырар ауданындағы Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында мамандық таңдау кеші өткізілді. Мамандық таңдау кешінде барлық сала қызметкерлері мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, а.қ. аға лейтенанты Н. Оңалбай қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлім қызметкері Н.Оңалбай Төтенше жағдай қызметі туралы қысқаша түсіндіріп, жиналғандарды Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге шақырды. Сондай-ақ “Өрт қауіпсіздігі мен иісті улы газдың алдын алу” тақырыбында әңгіме қозғап, қауіпсіздік шаралары жайында түсіндіріп өтті.

2023 жылғы академияға талапкерлерді қабылдау шарттары қандай?

Академияға күндізгі оқу түрі бойынша оқуға:

  • Қазақстан Республикасының азаматтары (ер балалар мен қыз балалар);
  • орта білімі бар;
  • он алты жасқа толған;
  • денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды азаматтар қабылданады.

Академияға қабылдау медициналық, дене шынықтыру жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сəйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

ҰБТ ТАПСЫРУ ҮШІН ПƏНДЕР ТІЗІМІ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ:

1. Математикалық сауаттылық

2. Оқу сауаттылығы

3. Қазақстан тарихы бейінді пəндер

4. Математика

5. Физика

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

6В12304 – Өрт сөндіру жəне авариялық-құтқару ісі

6В12302 – Төтенше жағдайларда қорғау

6В12302 – Өрт қауіпсіздігі

6В12191 – Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖОБАЛАНҒАН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

– Қаңтар мен мамыр айлары аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері жəне əскери бөлімдері үміткерлерден құжаттар қабылдайды (үміткерлердің қызметке жарамдылығын анықтау үшін əскери-дəрігерлік комиссияларда медициналық жəне психофизиологиялық куəландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді);

– 30 маусым – Академияға оқуға ҰБТ сертификаттарымен үміткерлердің келуі;

– 1-13 шілде – əскери-дəрігерлік комиссиядан өту;

– 7-15 шілде – дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсыру;

– 16-17 шілде – күндізгі оқу факультетіне қабылдау.

АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді.

Оқу мерзімі – 4 жыл. Ер балалар 1-курстан 3-курсқа дейін Академия

жатақханасында, 4 курста өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау

қаласында тұрады. Ал қыз балалар барлық 4 курста өз есебінен жатақханадан тыс

жерде Көкшетау қаласында тұрады.

Білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

Академияға түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр саясаты бөлімдеріне өтініш береді.

АКАДЕМИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ақан сері көшесі, 136

Тел.: (87162) 25-13-36, қабылдау бөлімі: 25-52-49, кадр саясаты бөлімі: 25-04-01.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған