КӘСІПКЕР СОТТАЛҒАН 20 АЗАМАТТЫ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАДЫ

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/22 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың жұмысқа орналасуына тұрақты қолдау көрсетуде. Енді олар қаладағы ірі ЖШС-лардың бірінде қаптаушы және бөлшектеп өлшеуші болып еңбек етіп, табыс табады. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз орталығы хабарлады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, қайтадан қылмыс жасайтындардың басым бөлігі – тұрақты жұмыс орнын таппағандар. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тарапынан тиісті іс-шаралар атқарылуда.

– Сотталғандарды жұмысқа орналастыру ҚАЖ мекемесі мен пробация қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі. Мәселен, жақында Өскемендегі компаниямен ынтымақтастық аясында сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы келісім жасалған. Қазіргі таңда 20 сотталған жұмыспен қамтылды. Олар енді ай сайын жалақы алып, пайда табады, – деп бөлісті Департамент басшылығы.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған