КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Аудан прокуратурасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар талқыланған жиын өтті. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан прокуроры Оразәлі Абдрамановтың төрағалығымен өткен мәжіліске аудан әкімі Төлеген Телғараев, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аудан аумағындағы отандық тауар өндіруші кәсіпкерлер қатысты.

Сұрақ-жауап форматында өткен жиында отандық тауар өндірушілердің қолайсыз факторларын және кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемалық мәселелерді анықтау, коммуникациялар мен қаржыға қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер мен қолдауды алу кезіндегі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерінің сақталуы тақырыптары қозғалды. Кәсіпкерлердің уәждері тыңдалып, олардың өзекті мәселелері талқыланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған