ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ ӨНІМДІЛІКТІ 3 ЕСЕГЕ ДЕЙІН АРТТЫРА АЛАДЫ

Түркістан облысында жалпы 1 467,4 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай бар. Сондай-ақ, биыл Түркістанда 50 гектар аумаққа заманауи үлгідегі жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Қазіргі таңда инвесторлар анықталып, инфрақұрылым мәселесі қаралуда. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Піләлов мәлімдеді деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Жуырда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол жылыжаймен айналысатын шаруалармен кездесіп, өзекті мәселелер талқыланды. Мәселен, жылыжай шаруашылықтары – пайдаланатын қуат көздерінің 50% дейін субсидиялау, жылыжай шаруашылықтарының несиелерін төлеу мерзімін ұзарту, коммуналдық төлемдерге төленетін тариф көлемін күндізгі және түнгі кезеңге бөліп төлеу тетіктерін қарастыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді, – деді Әлібек Әбдіхалықұлы.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласы маңында 11 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы іске асырылуда. 2,2 мың га алқапқа 65 жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылған. Ағын суды 2 есе үнемдеуге бағытталған технологияның тиімділігі өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға септігі мол. Жалпы азық-түлік белдеуі аясында құны 34,7 млрд. теңгені құрайтын 5 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған