ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2022-2023 жылдарға жылыту маусымы басталмас бұрын Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және №12 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, Кентау қаласына қарасты ауылдарда өрттің алдын-алу жұмыстарына әлеуметтік осал топтағы азаматтардың және көп балалы аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің тұрғын үйлеріне газ құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынама парақшалары таратылуда.

Үгіт насихат барысында төмендегі талаптар түсіндірілуде:

-Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс.

-Газ қондырғысы орнатылған бөлмеде міндетті түрде газосигнализатор қондырғысы орнатылуы керек.

-Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеру.

-Түтіндіктің «қалтасын» мерзімінде тазалап отыру.

-Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабу.

 -Газ жабдығы жарамсыз болғанда арнайы мекеме қызметкерлерін шақырту.

-Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтату, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашу, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырту.

-От жақпауға, темекі тартпау, электр жарығы мен электр құралдарды қоспау және қосулы болса, сөндірмеу, электр қоңырауларды пайдаланбау.

-Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде ғана кіргізу.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған