ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Ағымдағы жылдың 1 қараша күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты қала аумағындағы барлық білім беру мекемелері базасында құрылған эвакуациялық жиналу пунктерінің басшылары және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілерімен «Эвакуациялық жиналу пунктерінің практикалық дайындығын пысықтау» және «Жер сілкінісі кезіндегі оқу-жаттығу» тақырыптарында семинар жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері капитан Б. Әлімбайұлы және Түркістан облысы Адами әлеуметті дамыту басқармасының бас маманы Г. Айтбекқызы қатысты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған