ЖАҢА СЕРВИС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Электрондық жеке іс» жаңа сервисін іске қосты, ол жұмысқа орналас процесін жеделдетуге және қызметкердің жұмыс берушіге деректерді қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

«Жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерден еңбек кітапшасын, жеке парақ пен өмірбаянды жазбаша тапсыруды талап етеді. Азаматтардың бұған наразылық білдіруі орынды. Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында.

«Электрондық жеке іс» сервисі құжаттарды қолдан жасау тәуекелін болдырмайды және еңбек шарттарын жасасу кезінде қағаз құжаттарды ұсынудан бас тарту арқылы жұмысқа орналастыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Енгізілген сервистің арқасында әлеуетті қызметкердің түйіндемесін қарау және оны одан әрі ресімдеу кезінде жұмыс беруші қызметкердің жеке ісін электрондық форматта алу үшін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) сұрау салуды жүзеге асыра алады.

Жұмыс беруші Еңбек кодексінде сипатталған шарттар шеңберінде мынадай кез-келген ақпаратты: жеке куәлік деректерін, фотосурет, білімі және отбасы мүшелері туралы ақпарат, вакцинация, ЕШЕБЖ-дан жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Бұдан басқа, мынадай электрондық анықтамаларды алуға болады:

– соттылықтың болмауы/болуы туралы;

– психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке алу туралы;

– 0/75у анықтама;

– мүгедектік туралы анықтама.

ЕШЕБЖ қызметкердің сауалға жауабын күнтізбелік 7 күн күтетінін атап өткен жөн. Бас тартылған немесе жауап болмаған жағдайда, жұмыс берушіге деректерді ұсынудан бас тартылады. Келісім ақпарат сұраған ұйымдағы барлық жұмыс мерзіміне жарамды болады. Егер келісім жасалмаса немесе бұзылса, келісім автоматты түрде заңсыз болып саналады.

Қазіргі уақытта жұмыс берушілер сервисті ЭЕБ немесе кәсіпорындағы кадрлық есептің ақпараттық жүйелері арқылы пайдалана алады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған