ЖАСТАР ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫЗЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлерін бейімдеу, патриоттыққа тәрбиелеу, рухани адамгершілікке және олардың мәдениетін арттырып, тәлімгерлікті жүзеге асыру, жас қызметкерлер арасында тәртіптік құқықбұзушылықтарды алдын-алу мақсатында, қызметтің Кентау, Сауран, Түркістан қаласындағы өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанғали Иманғалиұлы Смаилов, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Калжигит Отжанұлы Маханбетов және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекболат Орынбаевич Турекуловтың қатысуымен тәлімгерлік жиналыс өткізілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанғали Иманғалиұлы Смаилов жас қызметкерлердің таңдап алған мамандықтарын меңгеруіне көмек көрсету және өзінің қызмет атқарған уақытындағы қызықтары мен қиыншылықтары туралы бөлісті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған