ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР ЖИІЛЕМЕСІН ДЕСЕК…

Түркістан облысындағы суға шомылу тыйым салынған су айдындарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар Кентау қаласында жалғасты.

Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторы адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша барлық қажетті іс-шараларды қарқынды өткізіп жатыр. Күн сайын қаланың су айдындарында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Су айдындарында тыйым салатын белгілер орнатылып, ақпараттық стендтер орнатылған.

Іс-шараны Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторы және №12 Өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен бірлесіп атқаруда. «Қарнақ» және «Хантағы» ауылдарына ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен полиция бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп, рұқсат етілмеген жерлерге шомылуды болдырмауға күш салуда. Соңғы уақыттарда кәмелетке толмаған жастар арасында жазатайым оқиғалар, көбінесе балалардың суға бату оқиғасы қараусыз және өзгеде құдықтарға, биік ғимараттардан құлау жәйттар көптеп кездесуде. Осындай қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында оның алдын алуға баса көңіл бөлініп отыр.

Сонымен қатар Кентау қаласы, Қарнақ ауылы «Ырмақ» өзені және Хантағы ауылындағы, «Қаратау» мемлекеттік қорығына жасөспірімдермен ата-аналарға белгіленбеген орындарға суға шомылуға тыйым салынып және жасөспірімдерге шомылу кезінде қатаң түрде қауіпсіздік іс-шараларын ескерте отырып, жадынама парақшалары таратылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған