ЕУРОПАЛЫҚТАРҒА ҚАРАҒАНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҮШ ЕСЕ КӨП ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНАДЫ

Дамыған елдерде энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы болып табылады. Мәселен, Халықаралық энергетика агенттігінің деректері бойынша соңғы 5 жылда Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 27 пайызға артқан. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз орталығы хабарлады.

— Қазақстандағы тұрғын үйлер Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда орташа есеппен үш есе көп энергия тұтынады. Барлық факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, қазірдің өзінде энергия ресурстарының тапшылығы туралы ойлана бастауымыз қажет, — дейді кездесуде баяндама жасаған ҚР ИИДМ Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының мамандары.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абақанов, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қызметкерлері қатысты. 

Жиын барысында сонымен бірге дамудың перспективалық бағыттары, энергия үнемдеу құралдары, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары үшін энергия тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған