ДЕМАЛЫС ОЙДАҒЫДАЙ ӨТСІН ДЕСЕҢІЗ…

Балық және аң аулау – демалыстың белсенді түрі, сондай-ақ оның қаупі де жоқ емес. Аң аулау барысында, су бойында адамды қаншама қауіп-қатердің тосып тұрғанын кез-келген адам біле бермейді. Сондықтан әрбір адамға сақтық пен қауіпсіздіктің қарапайым шараларын орындау қажет.

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне 2022 жылдың 17 қазан күні сағат 19:30-да Сырдария өзенінің жағалауында көлігі құмға батып, үйіне қайта алмай жатқан азамат жөнінде хабар түсті. Сағат 19:35-те аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника 2 қызметкер шығып, 21:38-де оқиға болған орынға келіп, көмек көрсетілді!

Аң аулау және балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаны болдырмау үшін қашанда қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеміз:

• Аң-құсқа немесе балық аулауға шығуды жоспарласаңыз ауа райының болжамдарына назар аударыңыз, ауа райының күрт бұзылуы туралы болжамдар болса жоспарыңызды кейінге қалдырғаныңыз жөн.

• Аң-құсқа немесе балық аулауға шығар алдында су, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорларының, байланыс және т.б. қажетті құрал-жабдықтардың өзіңізбен бірге болуын, автокөліктеріңіздің жарамдылығын қадағалаңыз;

• Аң-құс пен балық аулауға шығар алдында жақындарыңызға кімдермен және неше адам бара жатқандығын, қай бағытта немесе нақты жердің атын, ұялы байланыс телефон номерлерін, қандай автокөліктермен (маркасы, мемлекеттік нөмірі, түсі) баратындығыңызды және қашан кері қайтатындығыңызды ескертіңіз;

• Аудан аумағындағы аң-құс және балық аулау учаскелеріндегі мүмкін табиғи және техногендік қауіптерді біліп, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңыз (дала және орман өрттері, қамыс өрттері).

Ескертеміз! Балық және аң аулаған кезде жазатайым оқиғаны болдырмау үшін ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАҢЫЗ! Сонда ғана демалысыңыз ойдағыдай өтеді!

Егер Сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, сабырлық сақтап, үрейге жол бермей «101», «112» телефон нөміріне хабарласыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған