БІР ЖЫЛ БҰРЫН ҚҰРБАН БОЛҒАН БАТЫРЛАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

«30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай, салтанатты іс-шара өткізілді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ерік Темірханұлы Сарыбаевтың төрағалығымен «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай, салтанатты іс-шара өткізіліп, азаматтық қорғау ардагерлері мен қызметкерлері азаматтық қорғау органының дамуына қосқан үлестері үшін төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды.

Осыдан тура бір жыл бұрын, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде болған жарылыс азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкерінің өмірін қиған ең ірі жазатайым оқиғалардың бірі болған еді. Орын алған қайғылы оқиғаға бір жыл толуына орай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз өмірлерін құрбан еткен батырларымызды, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған