БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ КӨТЕРІЛУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІ ЕСКЕРТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы «Барыс», «Жібек Жолы» және «Бірлік» сауда нысандарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Көтерме базарларды аралау барысында қала әкімі сауда нысандары басшыларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді және санитарлық тазалықтың барлық талаптарын сақтаулары жөнінде ескертулер жасады.

«Барыс» базары – 2021 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс жасап келеді. Жалпы инвестиция көлемі 987 млн. теңгені құрайды. Нысанның жалпы көлемі 6 гектар болса, бүгінде қосымша 9 гектарға кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Инвестиция көлемі 287 млн теңгені құрайтын болады. Базарда көтерме саудамен көкөніс, жеміс-жидектер ұсынылады. Қазіргі таңда 350 нүктеде сауда жасалса, базар заманауи 25 қоймамен толығуда.

«Жібек жолы» базары – 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 80 мың кв.м көлемді сауда нысаны. Негізгі бағыты – көтерме бағада көкөніс өнімдерін саудалау. Базарда 150-ге жуық кәсіпкер жұмыс жасайды.

«Бірлік» базары – 2021 жылы құрылысы аяқталып, жаңадан іске қосылған сауда нысандарының бірі. Базардың жалпы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңгені құрайды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған