АТЫРАУДА 200 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ АЛЫП БАЛЫҚ АУЛАНДЫ

Атырау облысында Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында «Амангелді атындағы» ЖШС-нің балықшылар бригадасы және «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК балықшылары салмағы 190 кг., ұзындығы 2,47 м қортпа балығының аналығын ұстады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Алып су маржанын Бекіре тұқымдас балық шабақтарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аулады. Қазір аналық қорытпаның жағдайы қанағаттанарлық, ол Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының бассейніне жіберілді, балық өсірушілердің үнемі бақылауында. Болжам бойынша 34 келіге жуық уылдырық алу көзделуде.

Айта кету қажет, Қазақстанда Каспий маңы мемлекеттеріндегідей бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортадан коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салынған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған