АЛЫС САПАРҒА ШЫҚПАУЛАРЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ

Түркістан облысында қалың қар түсіп республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көліктер мен жол пайдаланушылардың тәулік бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қардан тазалау және инертті материалдарды себу жұмыстары жалғасуда.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауларыңызды өтінеміз.

Аса қажет болып, алыс сапарға шыққан жағдайда жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауыңызды және автокөлікпен тек қысқы шинамен шығуыңызды сұраймыз!

Естеріңізге сала кетейік, келеңсіз жағдайлар орын алған жағдайда, тәулік бойы жұмыс жасайтын байланыс орталықтың нөмірі 1403. Сондай-ақ 112 нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған