АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылғы оқу жылына арналған жасақтау жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 16-18 тамыз аралығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында Азаматтық қорғаныс басқармасымен «Азаматтық қорғау қызметтерінің мамандары» санаты бойынша азаматтық қорғау саласында біліктілікті арттыру сабақтары өткізілді.

Келген тыңдаушыларға ҚР азаматтық қорғау аясындағы негізгі заңнамалық актілері, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі және негізгі міндеттері, азаматтық қорғау саласында оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау шаралары таныстырылды.

Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс шараларымен, бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғау, инженерлік, халықты радиациядан және химиядан қорғау, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері бойынша толық ақпараттар алды. Сондай-ақ, қатты әсер ететін улы заттармен улану аймағында құтқару мен шұғыл жұмыстардың ерекшеліктері мен төтенше жағдайлардың психологиялық қырларын үйренді.

Азаматтық қорғау саласында даярлықтан өткен тыңдаушыларға уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар берілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған