Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, «Мамандықты – таңдау» тақырыбында №17 «Ататүрік атындағы мектеп гимназиясының» 10-11 сынып оқушыларына арнап, жиналыс өткізді. Жиналыс барысында оқушыларға «М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына» оқуға түсудің талаптарын түсіндірді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге қабылдау басталды.
Академияға күндізгі оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Биылдан басталған жаңа өзгеріс бойынша, енді бұл оқуға қыздарға да түсуге мүмкіндік бар. Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштерге сәйкес іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Курсанттарды оқыту республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ курсанттарға демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу уақыты мен мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.