CІРІҢКЕНІҢ ПАЙДАСЫ ДА, ЗИЯНЫ ДА ОРАСАН

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Әлия» ББ балабақшасының қызметкерлеріне және жас бүлдіршіндерге «Өрт қауіпсіздігі», «Улы газдың алдын алу», «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті және зияны туралы әңгімелеп, өрт қауіпсіздігі ережесімен таныстырды.

Күнделікті өмірде адам баласына қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Сондай жағдайдың күрделісі ол – өрт.

Өрт – тілсіз жау. Оны алдын ала болжап білу, анықтау мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған, материалдық зардап шеккен, не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас.

Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке, қоршаған ортаға үлкен материалдық зиян келтіреді.

Өрттің шығу себептері туралы не білеміз?

Балаларға сіреңкемен ойнап, от жағуға болмайды, электр құралдарын қосып кету де өте қауіпті.

Газды ашық қалдырып немесе тамақ пісіргенде қараусыз қалдырған жағдайда өрттің пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Табиғат аясында от жаққанда, қараусыз қалдырмау керек.

Отшашуларды дұрыс пайдалана білмесе, қолданбаған абзал.

Өрттің шығу себептері – өрт қаупін тудыратын заттармен ойнау, дұрыс пайдалана білмеу және оларды қараусыз қалдыру, яғни өрт қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаудың салдарынан туындайды.

Иә, қарапайым cіріңкенің адам өмірінде пайдасы да, зияны да орасан. Балалардың сіріңкемен ойнауы – өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. Балалар осындай жағдайлардан сақ болу үшін сіріңкені ұстамағаны жөн. Қажет болған жағдайда тек үлкендердің бақылауымен ғана пайдалану керек екенін еске сақтаулары қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған